Облыс әкімі Лисаков қаласына барды
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Лисаков қаласына іссапармен барды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Алдымен аймақ басшысы Октябрь кентіндегі Мәдениет үйіне барды. Мұнда 191,4 млн. теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілді. Жылыту жүйесі автономды, су құбыры, кәріз бар. Музыкалық аппаратура жаңартылды.
Сондай-ақ, Архимед Мұхамбетов Блок-модульді қазандықты (БМК) қарап шықты. Қазіргі уақытта жобаға кірмеген көшелерді жылу желілеріне қосу жұмыстары жүргізілуде. Екі БМҚ орнату бойынша жобаның құны 686,4 млн теңгені құрайды, жылу желілерінің жалпы ұзындығы 4,8 км. 450 абонент жылумен қамтамасыз етіледі.
Бұдан әрі ол Лисаков қаласындағы "Өркен" ЖШС өндірістік кәсіпорнына барды. Бұл кәсіпорын жылына 3 360 тонна қоңыр темір кенін өндірумен және өңдеумен айналысады, темір кені концентратын өндіру 960 мың тоннаны құрайды.
Кейін "Лисаковскгоркоммунэнерго" ПХО " МКК жылу орталығына барды. Мұнда қазандық ғимаратының шатырына күрделі жөндеу, құрал-жабдықтарды жөндеу жүргізілді, 158,2 млн.теңге сомасына шұңқырларды тазалауға арналған вакуумдық машина сатып алынды. Қала жылыту маусымына толық дайын.
Сондай-ақ, ол қалалық полиция бөлімінің фронт-офисінің жұмысымен танысты. Содан кейін қалалық ауруханада жаңа компьютерлік томографты қарап шықты.
Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Теннис орталығында болды. Ол ағымдағы жылы пайдалануға берілді, жалпы ауданы 2016,3 ш.м., өткізу қабілеті – сағатына 15 адам. Орталықта шұғылданатын балалар саны 28-ден 60 адамға дейін артты.
Сапар қорытындысында өңір басшысы А.Мұхамбетов Лисаков қаласының әкімі А. Ибраевке қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.