Несиелік қаржыландыру тоқтамайды

Мираш Жұмашев, ҚР Ұлттық Банкі Қостанай облыстық филиалының директоры:
Мемлекет басшысы үкімет мүшелерін жинап, мұнай бағасының құлдырауы әлемдік дағдарысқа әкеп соққанын айтты. Көрші Ресей мен Қытайдың тауар экспорттау көлемінің азайып, рубль мен юаньнің девальвацияға ұшырауына байланысты экономикамызды тұрақты ұстап тұру үшін елімізде жаңа бағдарламалар дайындау әзірлігі қажет болып тұр. Экономика министрі республикалық бюджет жоспардағыдай толмай, 22% жуық қаражаттың түспей тұрғанын айтқан болатын. Үкімет мүшесі мұны кедендік баж, импорттан келетін қаржы азайғаннан деп отыр. 

IMG_1278

Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов халықаралық валюта қорымен келісе отырып, инфляциялық таргетке көшу мүмкіндігін атап өтті. Енді, міне, еліміз осы жағдайға байланысты жаңа ақша-несие саясатын жариялап отыр.
Жалпы мұнай бағасының күрт төмендеуіне байланысты Ел Үкіметіне шұғыл түрде шара қолдану қажет болды. Мәселен, кеше 48 доллар болып тұрған мұнай баррелі келесі күні 46-ға арзап кетіп жатыр. Сол себепті, теңгені еркін ауытқу бағамына жіберуге мәжбүр болып отырмыз. Доллар еркін ағымда жүргендіктен, ол да тұрақтанатын құбылыс. Естеріңізде болса, 1999 жылдың басында 1 доллардың құны 120 теңгеден тұрған кезде де Ұлттық Банк валютамызды еркін бағамға жіберді. Сол жолы АҚШ валютасы 200 теңгеге дейін шарықтап, кейін қайтадан тұрақтанғанын білесіздер. Сол тұрақтанған күйі 2010 жылға дейін келдік.
Бұдан өңіріміздегі түрлі бағыттағы қаржыландырулар тоқтап қалмайды. Несие де тоқтамай, берілетін болады. Биыл облысымызда несиелендіруге 20 млрд. теңге бөлінген. Бұл қаражат теңге күйінде де, доллар күйінде де берілді. 
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓