Айлаңыз айыппұл арқалатады

Теміржол билеттерін сатқандарға айыппұл салынады. Бұл туралы "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды түсіндіруге арналған іс-шара барысында айтылды. ЖД-билеты-2
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының басшысы Елдос Нестайдың айтуынша, жаңа заң аясында теміржол билеттерін заңсыз сату, қайта сату фактілері бойынша тиісті шаралар күшейтіліп жатыр.
Заңмен жеке және заңды тұлғаларға жол жүру билеттерін заңсыз сату, қайта сату үшін 100-ден 500-ге дейін АЕК (265 мыңнан бастап 1,3 млн теңгеге дейін) көлемінде әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл норма жол жүру билеттерін заңсыз сату, сатып алу және темір жол вокзалдарында делдалдармен күресу шараларын едәуір күшейтуге мүмкіндік береді, – деді Елдос Нестай. 
Еске сала кетейік, заңда мұндай норма 2018 жылға дейін болып, кейін алып тасталынған еді. Енді темір жол билеттерінің нарығын реттеп, делдалдармен күрес үшін бұл норманы қайтарылды. Сонымен заңсыз билет сатқандар үшін айыппұл көлемі келесідей болады:
– жеке тұлғалар үшін – 100 АЕК (қайта бұзса – 200 АЕК);
– шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК (қайта бұзса – 300 АЕК);
– орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 200 АЕК (қайта бұзса – 400 АЕК);
– ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 250 АЕК (қайта бұзса – 500 АЕК).

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓