Қостанайда табиғи өнімдер жәрмеңкесі өз бастауын алды
Билығы жылдың алғашқы жәрмеңкесі үйреншікті осы сенбі күні өткізілді. Облысымыздың әр аудандарынан келген саудагерлер пайдалы, табиғи өнімдерді сатылымға қойды. Бағасы да қол жетімді. Жәрмеңке барысын облыс әкімінің орынбасары Базыл Жақыпов мырза өзі аралады.
-Қала тұрғындары жәрмеңкені асыға күтті. Соны ескере отырып, ауыл өнімдерін әкелушілерге молырақ болуын тапсырдық. 120 тонна көлемінде тауар әкелінді. Соның ішінде 22 тоннасы ет, ал көкөністер 40 тоннаны құрайды. Қалғаны басқа да азық түрлері. Барлығы осы Қостанай облысының өнімдері. Бағалары әдеттегі базармен салыстырғанда 15-20% арзан. Алдағы уақытта әр аптаның сенбісінде жәрмеңке үзбей өткізілетін болады-, деді Б.Жақыпов.
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ