Мемлекеттік қызметшілер еңбекақысы жоғарламайды
Биыл қазақстандық мемлекеттік қызметшілер жалақысы көтерлімейді. Мемлекет бюджетіне өзгертулер енгізіліп, мемлекеттік шығындар мерзімдері өзгертіліп, қысқартылды. Сондықтан биылға жоспарланған 15 процентке өсім 2016 жылға қалдырылды.
Әлеуметтік-еңбек саласын дамыту аясында халықтың әлауқатын жақсарту ісі жалғасуда. Бұл мақсатта жәрдемақылар көлемін жоғарлату қаралған. Көмектің бұл түрі биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға өсті. 2015 жылдың 1 қаңтардағы жағдайы бойынша зейнетақы алушылар саны 1 миллион 900 мың адамды құрайды екен.
Сонымен қатар келер жылы студенттердің шәкірт ақылары 25 процентке артатын болды деп сендірді халық қалаулылары.
Махаббат Бекбай