Аспанда – екі Ай. Құр жібермеңіз
27 тамызда, демек бүгін, түнгі сағат 00:30-да қызықты құбылыс болады. "Ол қандай құбылыс?" деп, елеңдеп қалған шығарсыз. Бүгін түнде аспаннан екі айды қатар көруге болады екен. Сенесіз бе, жоқ па? "Екі Ай" деп отырғанымыздың бірі – кәдімгі күнде көріп жүрген Ай да, екіншісі – Марс планетасы.
Дәл осы күні, айтылған уақытта жерден 62,37 миллион шақырым қашықтықтан Марс өтеді. Сонда жерде тұрған біздерге аспанда екі Ай тұрған секілді болып көрінетін болады. Мұндай құбылысты қалайша құр жіберуге болады?! Міндетті түрде жылы киініп алып, далада аспанға бір тесіліп қараңыз. Себебі, мамандар мұндай құбылыстың енді 2287 жылы ғана қайталанатынын айтады. Ендеше, жіберіп алмайық!
Айтолқын ӘБДІЛДӘ.