Кіл жүйрікте кім жүйрік?
Қостанайда әскери қызметкерлер арасында президенттік көпсайыс басталды. «Динамо» қазақстандық спорт қоғамдастығының 90 жылдығы мен ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына арнайы ұйымдастырылып отырған бәсекеге 300-ге жуық адам қатысып жатыр.Спартакиадада ҚР ІІМ, ҚР Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің командалары бақ сынасуда.
«Президенттік көпсайыс – бұл барлық құқық қорғау органдарының спорттық дайындығын көрсету, бастысы олардың кәсіби шеберліктеріне баға беру», – дейді Қостанай облыстық ІІД бастығы Тлеген Маткенов.
Үздіктері бұдан да жоғары дәрежедегі сындарға қатысады. Президенттік көпсайыс бағдарламасы жыл сайын спорттың жаңа түрлерімен толығып отырады.

Үздіктері бұдан да жоғары дәрежедегі сындарға қатысады. Президенттік көпсайыс бағдарламасы жыл сайын спорттың жаңа түрлерімен толығып отырады.