Астана күніне арналды
Астана күнін атап өту аясында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде "Дөңгелек үстел" өткізілді.
"Дөңгелек үстел" өткізу барысында жеке құрамға "Менің сүйікті Елордам – Астана" деректі фильмі көрсетілді. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Қ.Ыбрашев Астана күні – мемлекеттік тәуелсіздікті алғанымызға және жаңа Елорданы еліміздің географиялық орталығына көшіруіне байланысты, Қазақстанның жаңа тарихи бедерінде Қазақстан халқының жетістігін айшықтауға шақырған, қазақстандықтар үшін тарихи-мәдени мәні бар мемлекеттік мереке екенін айтып өтті.