Алғысымыз шексіз

"Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің" демекші, облыстық онкологиялық диспансердің абдиминальды бөлімшесінде қызмет ететін жас дәрігер Шалқарбек Мұғалбековтың кәсіби біліктілігіне мекемеде емделген көп жан дән разы. Ол Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Орта мектепті тәмамдаған соң, Астанадағы медициналық институтын аяқтап, хирург мамандығын алып шықты. Жолдамамен Қостанай облысына келіп, он жыл бойы облыстық онкология-лық диспансерде қызмет етіп келеді. 
Күн сайын кМугалбеков Шалкарбекөмекшісімен бірге ондаған сырқатты қабылдап, қандай шаралар жасау туралы шешіп отырады. Білікті маман жастығына қарамай, талай күрделі сәттерде мойыған жоқ, қайта жұмыс басында жігері жандана түсетініне көзіміз жетті. Тіпті, ол демалыс, мереке күндері де тоқтамай шаруада жүреді. Сырқаттарды қарау, емдеу тәсілін ерлікке пара-пар деуге болады. Күніне қаншама адамның ішкі құрылысына оталар жасап, қаншама жанды ажалдан аман алып қалып жатқанын атамай кетуге болмас. Шалқарбек Бәкірұлы мен диспансердегі мейірбикелердің арқасында бүгінгі таңда жер басып жүргендердің атынан алғысымызды білдірмекпіз. Оларға ұзақ ғұ-мыр, қызметтеріне абырой, отбасыларна амандық тілейміз.
 
Сатыбалды Насыров,
"Бейбарыс-2007" ЖШС директоры.
Қостанай қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓