COVID-19: +40
24 наурызда Қостанай облысында 40 адамнан коронавирус табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қаласының 20 тұрғыны, Рудный қаласы және Б.Майлина ауданында 4-ден, Әулиекөл және Денисов аудандарында 3-ден, Қарасу және Сарыкөл аудандарында 2-ден, Жітіқара ауданында және Арқалық қаласында 1 адамнан індет жұқтырған.
27 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде, 9 коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 4 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 28 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 24 наурыз аралығында COVID-19-ды 13551 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 12070.