Темір жол құрылысы қарқынды

Арқалық-Шұбаркөл жаңа теміржол желісінің стансаларында жолаушылар пойыздары үшін платформаларды салу басталды. Бұл жайлы ҚазАқпарат агенттігінде хабараланды.

пойз

 
«Бұл нысандар Терісаққан және Шұбаркөл стансаларында жобаның бірінші кезегінің жоспарына сәйкес салынып жатыр. Қалған стансалар мен разъездерде құрылысты келесі жылы бастаймыз», – деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ т/ж желілерінің құрылысы бойынша филиалы дирекциясы директорының орынбасары, Арқалық-Шұбаркөл т/ж желісі құрылысы бойынша басқармасының бастығы Жомарт Тоқтаров.
Жолдың Қостанай бөлігінде келесі жылы жолаушылар пойыздары Арқалықтан Шұбаркөлге дейін және одан ары жүретіні шамаланып отыр.
«Келесі жылы «Тальгоны» қалай қабылдайтынымызды ойластырып отырмыз, себебі бұл пойыздар үшін жолаушылар платформаларының биіктігі басқа», – деп атап өтті «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Қостанай жол бөлігі» филиалының директоры Ермек Темірбаев.
Жолаушылар қозғалысын ашу Қазақстанның бүкіл аумақтарына проблемасыз жетуге мүмкіндік береді.
Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісінде барлығы 5 станса мен 4 разъез орналасқан. 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓