Облыста жағдай тұрақты
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлімет еткендей, 23 наурыз күнгі жағдай бойынша, Қостанай облысында коронавирустық инфекция жұқтырғандар тіркелген жоқ. Өңірде 39 адам ауруханаға жатқызылса, 41 адам үй карантинінде.
Қазақстандағы коронавирус бойынша 23 наурыздағы 12.40 сағаттағы жайғдайға сәйкес, індет жұқтырған тағы 1 адам Алматы қаласында тіркелді. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында 31 адам, Алматы қаласында – 26, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1 адам, жалпы 61 науқас тіркелді.
Айта кетейік, Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ұлттық биотехнология орталығы мен Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты бірлесіп, COVID-19 коронавирусына қарсы вакцина әзірлеуге кіріскені де белгілі. Аталған орталық ғалымдары COVID-19 коронавирусын 6 күннің ішінде анықтайтын тест жүйесін ойлап тапқан. Қазақстандық тест жүйесінің тиімділігі мен өткір сезімталдығы ресейлік және қытайлық диагностикалық диагностикумдардан кем еместігі анықталған.