Шахаризаттың жаңа бейнебаяны
Жерлесіміз Шахаризат Сейдахмет өз көрермендерін жаңа бейнебаянымен қуантып отыр. Бұл жолы әнші "Аруларым-ай" атты әннің бейнебаянымен көрінді.
Tengrinews.kz сайты хабарлағандай клип Қытайда түсірілген. Әншінің айтуынша, түсірілім жұмыстарына үш күн жұмсалыпты. "Туындының әнін өзім жаздым. Осыған дейін этно-рок бағытында ән айтып келдім. Енді өзімді лирика бағытында да сынап көргім келеді. Бұл менің махаббат жайлы алғашқы әнім. Тыңдармандарымның көңілінен шығады деп үміттенемін", – деген әнші. Айта кетейік, бейнебаянда басты рөлді әншінің өзі сомдайды. Әншінің жыл соңына дейін тағы бес бейнебаянын жарыққа шығаратын ойы бар екен. Ендеше жерлесімізге сәттілік тілейік.
https://www.youtube.com/watch?v=xdWlvqPKpA0