Елеусіз еңбек егелері

Биыл «Қостанай аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету жөніндегі орталығы» МКҚК-да қос мереке. Мекеменің 10 жылдығы және жеке көмекшілер қызметіне 9 жыл. Бұл мамандық кез келген адамның қолынан келетін жұмыс емес. Өйткені бұл қызметті атқаратын азаматтар ерекше тұлғалармен жұмыс істейді. Нақтысын айтқанда, жеке көмекшінің қызметі 1-топтағы мүгедек жандармен, оның ішінде зәғип жандар мен арбаға танылған кісілермен тығыз байланысты. Елбасы қолдауымен және «Мүгедектің өмір сапасының жоғарылауына 2012-2018 жылдарға негізделген ұлт жоспары» арқылы жылдан-жылға мүгедек жандардың өмірі сапалы, қоғамдағы орны беделді бола түскеніне куәміз. Әр салада өз үлестерін қосып жүрген кембағал жандар көптеп саналады. Кейбірінің есімі Қостанай қаласына, тіпті бүкіл елге танымал. Атын алдыңғы қатарға қойып айтар азаматтар сапында Д,Оспанов, А.Жумагулова, С.Баймурзин, Г.Ильясова, Ж.Хамзин, В.Шестаков, В.Бракоренко сияқты кісілер бар екенін айтуымыз керек. Олар өздері сынды басқа жандарға үлгі. Тіпті, керектесеңіз, кейбір қол-аяғы сау азаматтарға да өнеге бола алардай.

фото

Мінекей, осындай мүмкіндігі шектеулі жандардың көздеген мұратына жетуіне қолқабыс, демеу білдіріп жүрген жеке көмекшілер еңбегін ерекше атап өту керек. Кембағал жандарға бап-күтім жасап, қай жағынан да қолдау білдіру – жүрегі мейірімге толы адамдарға ғана тән қасиет болса керек. Г.Солоха, Р.Садвакасова, Р.Бауденова, С.Демеева, К.Кубжасарова, С.Дадажанова, Г.Бекеева, А.Беркимбаева, Ж.Досыманова, К.Анарова сынды қызметшілердің есімдерін атап өту керек.Осы қызметшілерге кәсіпорын атынан да, мүгедек тұлғалар тарапынан да айтылар алғыс шексіз. Жұмыстары жемісті, еңбектері елеулі болғай.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓