Лисаковта-жаңа вокзал
Лисаков қаласында жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралы Садуақасов арнайы қатысты. Аталмыш вокзалды Лисаков қаласының тұрғындары екі жыл бойы күтті. Жолаушыларға қызмет көрсету орталығының керектігі сол уақытта «Нұр Отан» партиясы Лисаков қалалық филиалының отырысында айтылған. Мінекей, бұқараның тілегі ескерілді. Өткен сенбіде Лисаков станциясында жаңа вокзал өз жұмысын бастап кетті. Ғимараттың ресми ашылуына өңір басшысы, Лисаков қаласының әкімі Марат Жүндібаев, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Қостанай жолдары бөлімінің директоры Ермек Темірбаев қатысып, жолаушыларға сәттілік тіледі.-Лисаков өзіндік ерекшелігі бар қала. Шаһарда көрікті орындар мен жаңа нысандар жетерлік. Көрікті ғимараттардың қатарына темір жол вокзалы да қосылды. Жаңадан ашылған орталық жолаушылардың игілігіне жарасын,-деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.