Оңай олжа

            Жүрсең көре бересің, көрсең біле бересің. Қай жағынан атып шыққанын аңдамадық, қала- мыздағы Әл-Фараби даңғылы- мен "Land Cruiser" джипі жүйткігеннен жүйткіп Алтын- сарин көшесінің бұрылысында бағдаршамға тоқтап тұрған жолаушылар автобусын келіп соқты. Байқасақ, автобустың артқы "белі" болар-болмас май- ысқаны болмаса, айтарлықтай бүлінгені шамалы. Ал джиптің алдыңғы тұмсығы "бұзылып", бір жақ үлкен "көзі" ағып түскен. Джиптің ішінен шық- қан өндірдей жап-жас қазақ қызы көлігінің жүзін көріп: – Ех, көкеме проблема бола- ды енді, – деп, қалта телефонын алып, әлдекімге қоңыраулата бастады. Бірақ, тым жайбара- қат қалпы: – айттым, сәл үйре- не тұрайын деп едім, болмадың- дар. "Мін-мін"– міндім, "саспа" дедіңдер,саспай тұрмын енді. Короче, вот, вам сюрприз! – деп, телефонға лақ еткізген ер- кетотай қарқыл күлкі . Бірінші рет өзінің апатқа ұшыраған үр жаңа көлігіне риза болған адам- ды көрдім. Ешнәрсеге белі ауырып тұрған жоқ.. Әкесі жу- ырда ғана мұның 18 жасқа келіп, туған күніне сыйлаған "Land Cruiser" екен.
       Қыз есті- діңдер ме дегендей айылын жи- мастан аңқылдап айтып тұр. Ал автобустың жүргізушісі де бір жас жылпос екен. Мұны қызы- мыз оңаша шығарып сөйлескен еді, сәлден соң ойбай жолау- шылар күтіп қалды деп томпаң- дап, МАИды шақыртпастан түк те болмағандай ыржаң қағып кетіп отырды. Сірә, ақшамен дымын шығармады, дейді, куәгер-көргендер. Ана сүті аузынан кеппегендердің кепи- етінен жан шошиды.. Университет ғимараттары- ның алдындағы көліктен көз сүрінеді. Көбі студенттердікі. Оны айтасыз, оқытушылар мен студенттер көлік қоятын орынға таласып жағаласып жатқанын да көрдік. Ал сол түбітмұрт, шөпжелке жастары- мыз керек реферат, баяндама, т.с.с тапсырмаларды ғаламтор- дан дайын күйінде көшіріп ала- ды. Көбіне курс жұмыстарын сатып алып, курстан-курсқа өтіп жүр. Қазір оқу орындарын- да қызып тұрған оқу емес – баға саудасы жасырын болудан қалды.. Бірақ, көңіл қалаты- ны – қай жерге барсаңыз да көбіне – жан қинамай табыс табу, оңай олжаға кенелу. Оңай олжаның да түр-түрі көбейген..
         Тіпті "КТК" телеарнасы "Оңай олжа" деген хабар ашып, жұртты қарық қылды. Қатысу- шы, әнші Нұрлан Еспанов: "Оңай олжа" десе, оңай олжа екен. Тек қана зыр жүгіріп жүріп, 1 сағаттың ішінде ке- ректі затты алып үлгеру керек екен". Ол үшін студияда 5 сұраққа жауап берсең іс бітті. 1400 доллардың дүниесі сіздікі. Бәрі де су жаңа. Небәрі 8 күннің ішінде 16 отбасы "Оңай олжа" шоуынан пайда тапқан. Көбі аса қымбат ұялы телефон, тұрмыстық техника мен атақ- ты дизайнерлердің киімдері. Несін айтасыз, дөңгеленген дүниені оңай көріп тұратындар- дың заманы ма.. Осындай да еске түседі: Баяғыда бір бай баласына жұмыс істеп 100 теңге тауып кел деп жұмсайды. Еркетотай бала әкесінің көзін ала бере шешесінен ақша сұрап алып, әкесіне апарып береді. Әкесі мұны біліп қояды да, әкелген ақшаны жанып жатқан отқа тастай салады. "Бар тағы тауып кел"– деп қайта жұмсайды.
         Бірақ бала әдетіне салып, ана- сынан барып тағы ақша алып әкесіне береді. Әкесі тағы да ойланбастан кешегісін қайта- лайды. Не керек, бала үшінші рет анасына емес, бір шаруаға барып жалданып жұмыс істейді. Бірнеше күн өткесін еңбек ақысын алып әкесіне 100 теңге әкеледі. Бірақ әкесі тағы да ойланбастан отқа лақтырып жібергенде, бала жанұшыра жанып жатқан оттан жалаңаш қолымен ақшасын алып шыға- ды. Сонда әкесі тұрып баласы- на: "Көрдің бе, балам, өз еңбе- гіңмен тапқан ақшаның қадірі осындай болады" деген екен. Қазір жалаңаш қолымен ла- пылдаған оттан ақша суырып шығатын кісіні көрдіңіз бе? Көрген шығарсыз. Солар туралы айтайық та!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓