Таңдау жасауға асығыңыз
Елімізде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы қарқынды жүруде. Таңғы 07:00-ден бастап Қазақстанның дауыс беруге құқылы 11 млн 814 мың 19 азаматы үшін сайлау учаскелерінің есігі ашылды. Ресми ақпараттарға сүйенер болсақ, бүгін республика көлемінде 10 мыңнан астам сайлау бөлімшелері жұмыс істеуде. Оның басым бөлігі ауыл-аймақтарда. Бұл жолғы саяси дода бірден 7 кандидаттың арасында өтуде. Олардың арасында Президент сайлауына қатысушы тұңғыш әйел кандидат та бар.