Инвестжоба игіліктері
Өңірле сүт бағытын дамыту үшін үш инвестицилық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі брифинг аясында айтты.
Бұл әрқайсысының сыйымдылығы 1 200 бас ІҚМ болатын, қуаты жылына 52 мың тонна сүт өндіретін сегіз сүт-тауар фермасын салу, құны 21,4 млрд теңге болатын сүт өнімдерін: ряженка, йогурт, сүт, балалар тағамы және т. б. өндіретін сүт өңдеу зауытының құрылысы және «1000 отбасылық ферма» бағдарламасын іске асыру, ауыл халқын мал шаруашылығы саласына тарту, ауылды жұмыспен қамту, кооперация құру. Бұл жобаларды табысты жүзеге асыру облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын ұлғайтып, жұмыспен қамту мәселесін шешіп, асыл тұқымды мал санын арттырып және қайта өңдеу қуаттарын жүктеу мен экспорттық әлеуетті ұлғайтуға қол жеткізбек.
Сондай-ақ, Қостанай облысында "1000 отбасылық ферма" бағдарламасы басталды.
Бүгінде бағдарлама пилоттық режимде Меңдіқара ауданында жүзеге асырылуда. Алғашқы қатысушылары – Молодежное ауылының 7 отбасы.
Бағдарламаның бастамашылары – Қазақстанның ең ірі «Олжа Агро» агрохолдингі дәл осы отбасылық фермалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ет және мал шаруашылығын дамытудың ұлттық стратегиясының негізін құрайды деген сенімде.
«1000 отбасылық ферманың» негізгі ұстанымы – 100 бас ірі қарадан 90 бұзау алу. «Олжа Агро» ЖШС өгізшелерді бордақылау алаңдарына асыл тұқымды репродуктор ретінде, сондай-ақ қашарлардың бір бөлігін қарыздарды өтеу есебінен бермек. Қалған мал табынды жаңарту үшін фермерге қалады. Бұдан өзге, фермердің ай сайынғы жалақысы 7 жыл ішінде, міндеттемелерді толық өтегенге дейін, 350 мың теңгені құрайтын болады.