Есте қаларлық ерекше белгілер
Біздің ауданымыз бұрынғыдан бетер көркейіп келеді. Мәселен, мәдениет үйінің маңына есте қаларлық ерекше белгілердің қойылғаны – соның бір белгісі.
Бұлардың бірі, аттың тұяғына қағылатын ат әбзелі – таға болса, екіншісі, қазақ зергерлерінің көп жасайтын әшекейі – сақина. Мінеки, қазақтың қолөнерінің қаншалықты дамығандығын дәлелдеп тұрған қос құндылық «Достық» саябағына сән бере түсті. Тағы бір айта кетерлік жәйт, биыл жылқы жылы болғандықтан тағаны басты белгі ретінде орнатса, ал сақина – бақыттың символына айналғандықтан, жастар көп баратын алаңға арнайы қойылған. Мұнда қол ұстасқан қос ғашық жүрек түкпірлеріндегі тұнық сезімдерін ақтарып, бейтаныс жандар танысып, тұрғындар бір-бірлерімен қауышып тұрады. Ең бастысы, бұл ұлттық белгілер біздің өңірге келген қонақтарға да қуаныш сыйлайды. Себебі, олар осы жерде суретке түседі, сондықтан, бұл белгілер естерінде естен кетпес естелік болып қалады.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы