Ғылыми жобалар жарысы

Жақында Сарыкөл ауданында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектептер арасында республикалық ғылыми жобалар жарысының аудандық кезеңі аяқталды.IMG_6295
Урицк орта мектебінде өткен шараның ашылуында аудандық білім бөлімінің басшысы Ирина Науменко сөз алып, оқушыларға сәттілік тіледі.IMG_6284
-Өңірдегі өздеріңіздей білімді, талантты балалар ертең еліміздің атын шығарады. Бүгінгі байқау соның алғашқы қадамы ретінде өткізіліп отыр. Осы сайысқа қатысушылардың бәріне сәттілік тілеймін! – деді ол өз сөзінде.
Түрлі секциядан тұрған жарыс барысында оқушылар сан қырынан көрінді. Әсіресе, олардың зерттеп, зерделеген жұмыстары қазылар алқасының оң бағасын алып жатты.IMG_6294
Даниил Мишарин (Тимирязев ОМ), Елжан Сұлтанхамитов (Тимирязев ОМ), Дана Кущегулова (Сарыкөл ОМ), Аружан Қалиева (Б.Өтетілеуов ОМ) және Данагүл Үсен (Чехов ОМ) сынды оқушылар әр секцияда жүзден жүйрік атанып, облыстық кезеңге жолдама алды.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ,
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓