Жаңа өмірге қадам басты

Сарыкөл агробизнес және құқық колледжінің түлектері естен кетпес ерекше сәтті бастан кешірді. Яғни, диплом алып, жаңа өмірге қадам басты.
Колледж директоры Б
Биыл бұл білім ордасынан барлығы 150 түлек түледі. Солардың 20-сы үздік атанса, ал 30-ы колледждің спорт және қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін мадақтама қағаздарымен марапатталып, мерейлері үстем болды. Мәні мен сәні жарасқан салтанатты сәтте колледж директоры Бақытгүл Асанова ел келешектеріне ерекше ілтипатын білдіріп, өмірдің бір-бір кірпіші болып қалануларына тілектестігін жеткізді. Сондай-ақ, колледж басшылары, тәлімгерлер, сынып жетекшілері және ата-аналар да лебіздер легін жалғастырып, жылдар бойы жастардың жадында жатталатындай етіп ақ тілектерін ақтарды. Олардың қуаныштарымен ортақтасқан «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Әсел Мазенова да белсенділік танытқандардың бәріне бірдей зор алғысын айтты. Жүрекжарды жылы сөздермен қатар, мұндағы музыкалық ән-шашулар, көзге көрік берген сәнді шарлар, аспанға ұшырылған ақ көгершіндер, бәрі-бәрі бұл күннің басты бір белгісіндей болып қала берді. Жалпы, жауапкершілігі аса жоғары жаңа өмірге қадам басқан жастар газэлектрдәнекерлеуші, машинаны эксплуатациялау және механизмдер бойынша шебер, аспазшы, фермер, құқықтану, аудит және есеп т.б. мамандықтарды меңгеріп шықты. Мінеки, ең бастысы, Сарыкөлдің ауылшаруашылық саласы түрлі мамандармен толығатын болады.
 
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓