Аймақ басшысы облыстың оңтүстік өңірлерінде
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов оңтүстік өңірлерге іссапармен барды.

Аймақ басшысы бірінші кезекте «Әулиекөл – Жалдама» автожолының алғашқы 50 шақырымын және 200-257 шақырым аралығындағы учаскені орташа жөндеу жұмыстары барысымен танысты. Қазіргі уақытта асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды осы жылдың қараша айында аяқтау жоспарлапы отыр.

Бұдан соң өңір басшысы Амангелді ауданындағы көп функциялы туристік кешеннің құрылысымен танысты. Ол жеке қаражат есебінен салынып жатыр. Кешеннің құны – 1,5 млрд теңге. Жоба аясында 12 нысанның құрылысы қарастырылған. Олар – мұражай, кафе, сақ саунасы, қонақ үй, туристік фирма, жазғы амфитеатр, спорт және балалар алаңдары және басқалары. Жобаның жалпы ауданы – 70 мың шаршы метр.










Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев