Бір күнде екі ірі жол апаты болды
Екі күннің ішінде адам өліміне әкелген екі ірі жол апаты болды, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Апаттың біріншісі 15 тамыз күні сағат 3.00 шамасында Заречный поселкесінің Юбилейная көшесінің бойында болған. Алдын ала тергеу жұмыстары көрсеткендей, «Фольксваген» автокөлігінің жүргізушісі тежегішті дұрыс баса алмай, жырадан аударылған. Ауыр жарақат алған жүргізуші сол жерде қаза тапты. Қазіргі уақытта осы факті бойынша барлық қажетті зерттеулер жүргізіліп, тергеу ісі жалғасуда.
Дәл сол күні Әулиекөл тасжолында осыған ұқсас жол апаты болды. «ВАЗ-2109» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, дер кезінде тежегішті басып үлгермей, жырадан аударылды. Оқиға салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі мерт болды, ал қасындағы жолаушы әртүрлі дене жарақатымен Қостанай аудандық ауруханасына жеткізілді.
Шұға АҢСАҒАНҚЫЗЫ.