Полицейлер такси жүргізушілерінің соңына түсті
Бір тәулікте 29 жүргізуші тәртіп бұзған. Бұл «Заңсыз тасымалдаушы» операциясының алғашқы күніндегі нәтиже.
Жол сақшыларының мақсаты азаматтарды заңсыз тасымалдаумен айналысатын жүргізушілерді тәртіпке салу, заң бұзушылықтың алдын алу. Құрыққа түскен 29 заңсыз тасымалдаушының 5-уі борт журналының жоқтығы үшін жазаланды. Ал 10 жүргізуші такси көлігінің сырты белгіленген Ержеге сәйкес келмегендігі үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар такси жүргізушілерінде таксометрдің, сақтандыру құжаттының жоқтығы және басқа да кемшіліктер анықталды.
Таски мен қоса қоғамдық көлік жүргізушілерінен де кінәрат табылды. Автобусты басқарып келе жатып ұялы телефонмен сөйлесу, маневр ережесін бұзу, борт журналы мен сақтандыру полисінің жоқтығы сияқты олқылықтар мен ереже бұзушылықтар үшін 14 жүргізуші жауапкершілікке тартылды.
Махаббат Бекбай