Аю түрмеден шықты

15 жыл бойы Қостанайдағы қоныс колониясында болған Екатерина есімді аю Петропавлдағы шағын хайуанаттар бағына жіберілді, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.20190604213246
Қостанай облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Екатерина аюына УК-161/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар күтім жасап келген. 20190604213250«Оны қоныс колониясындағылар «Катя» деп атайды. Ол енді Петропавл қаласында орналасқан «Абакшино» демалыс базасына жіберілді. Демалыс орнында шағын хайуанаттар бағы бар. Атақты «Катя» медициналық тексеруден өткен соң, демалыс базасына көшіріледі», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, Екатерина аюы  УК-161/2 мекемесіне 2004 жылы әкелінген болатын. 2010 жылы аюдың құрметіне ескерткіш-бюст орнатылды.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓