Заңсыз тасымал азаймай отыр

Облыс орталығынан аудан, ауылдарға жолаушыларды заңсыз тасымалдау тыйылмай отыр. Құзырлы органдар тарапынан қанша рет рейд ұйымдастырылғанымен жағдайдың жақсарғаны байқалмайды. Қайта жол жиегін тұрақ еткен көлік иелерінің жұмысы күн өткен сайын күрделене түскен. Бұған облыстық прокуратураның өкілдері және жол қауіпсіздігін бақылайтын инспекторлар мен облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының қызметкерлерімен бірге шыққан кезекті рейд кезінде көз жеткіздік. Жолдағы жөнсіздікті ретке келтіру үшін ұйымдастырылған шараға аталған үштік түгелдей қатысты. Өйткені, соңғы уақытта заңсыз жолаушы тасымалының салдарынан қара жолда қайғылы оқиғалар көбейіп кеткен.

к-л3к

Облыстық прокуратураның бірінші басқарма прокуроры Алмат Еслямов шараның мақсаты жүгенсіз жүргізушілерді тәртіпке шақыру, дейді.
-Жолаушыларды тасымалдағанынан кейін оның қызметі заңды болуы керек. Жолаушылардың өмірін сақтандыруға міндетті. Және осы кәсіп түрімен айналысатындығы туралы рұқсат құжаттары болуы керек. Күн сайын медициналық тексеруден өтіп отыруы қажет. Өйткені, бұл заң талаптары, – дейді Алматы Еслямов.
Кезекті рейд кезінде заңды белден басып, жолаушы тасымалдауды кәсіп еткен 31 жүргізуші анықталды. Оларға хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Тіпті, кейбіреуінің мүлде салық төлемей жүргені де белгілі болды.
 

Шұға ҚОҢҚАБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓