ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімов Қазақстандағы жаңа ақша-несие саясатына көшу туралы мәлімдеді
Қазақстанда инфляциялық таргеттеуге негізделген және ұлттық валютаның айырбас бағамын еркіндікке жіберуді қарастыратын жаңа ақша-несие саясаты енгізіледі, деп мәлімдеді бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында.
«ҚР Ұлттық банкі мен Үкіметі 2015 жылдың 20 тамызынан бастап, инфляциялық таргеттеу режіміне, валюталық дәлізді алып тастауға және айырбас бағамын еркіндікке жіберуге көшуге негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыруға кірісу шешімін қабылдады», – деді К.Мәсімов.
Сонымен бірге, Үкімет басшысы осы сәттен бастап теңгенің айырбас бағамы нарық сұранысы негізінде және іргелі ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып қалыптастырылатынын айтып өтті.
«Бұл айырбас бағамы әлсіреуге қарай, сондай-ақ нығаюға қарай өзгеру мүмкін екендігін білдіреді, оны әлем экономикасындағы және ішкі валюта нарығындағы жағдай анықтайды», – деді Премьер-Министр.
«Бұл айырбас бағамы әлсіреуге қарай, сондай-ақ нығаюға қарай өзгеру мүмкін екендігін білдіреді, оны әлем экономикасындағы және ішкі валюта нарығындағы жағдай анықтайды», – деді Премьер-Министр.
Ол сондай-ақ Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамы деңгейін қалыптастыруға араласпайтынын, алайда елдің қаржылық жүйесінің тұрақсыздану қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенция жүргізу арқылы ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіншілігін өзіне қалдыратынын айтты.
К.Мәсімов айтып өткендей, инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа ақша-несие саясатын жүзеге асыру экономикалық саясаттың стратегиялық міндеттерін – отандық экономиканың ұзақ мерзімді тұрақты өсіміне қол жеткізуге, инфляцияның төмен деңгейін сақтауға, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға және ел халқының әл-ауқатын жақсартуға жәрдемесетін болады.