«Тобыл» футбол клубы қызметкерінің құқығы қорғалды

Қостанай облыстық сотының аппеляциялық сот алқасы бірінші инстанциялы соттың азаматтық ісін қарады.
«Тобыл» футбол клубы» ЖШС жүргізушісі Владимир Усатов сотқа жүгініп, оның жұмысына қайта алынуын талап еткен. Сонымен қатар  жұмыссыз отырған уақытына еңбекақы мен моральдық шығынды өтеуін, жұмыстан шығару туралы бұйрықтың күшін жоюды сұрап, арызданған.
Ақпан айында Владимир Усатов өз гаражында көлігіні жөндеген. Бұл туралы клуб директорының орынбасарына да алдын ала ескертсе керек. Бірақ, кейін оған хабарласқан кадр бойынша инспектор оның бір күн жұмыстан қалуына байланысты қызметтен босатылғандығын айтқан. Арызданушы жұмыстан заңсыз қалған жоқпын деп ақталады. Зейнеткерлікке екі жыл қалған шағында абыройсыз жұмыстан шығуға мойын ұсынғысы жоқ. Бұрын-сонды тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған Владимирдің сотқа арызданудан басқа амалы қалмаған. Ұзақ жылдар адал қызмет кеткен оның еңбек кітапшасындағы сол бір жазудың кесірінен екі жұмысқа орнала алмай жүр екен.  photo_5468
Қостанай қалалық соты Владимир Усатовқа қатысты «Тобыл» футбол клубы» ЖШС еңбек келісімін бұзғаны үшін  тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықты заңсыз деп тапты. Сөйтіп, жүргізуші қария лауазымына қайта тағайындалды. Сонымен қатар сот шешімімен   «Тобыл» футбол клубы» ЖШС Владимирге 144 мың теңге еңбекақы төлейтін болды. Аппеляциялық сот алқасы да бұл шешімді мақұлдады. Сот шешімі заңды күшіне енді.
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓