Доллар құны өсті
Бірқатар Қазақстан банктерінің сайттарында теңгеге шаққандағы доллардың бағамы 198 теңгеге дейін жетті. «Казкоммерцбанктің» ресми сайтында доллардың сатылым бағасы 198,67 теңге деп белгіленген. «Forte bank» 1 долларды 197,5 теңгеден сатса, Еуразиялық банк 197,4 теңгеден белгілеген. Ал, «Центркредит» банкі 194,5 теңге деп көрсеткен. Тек, Ұлттық банктегі доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өзгеріссіз тұр. 1 доллар – 188,35 теңге.
Кенже ҚОНЫСБАЙ