Оқырман назарына!

Құрметті «Қостанай таңы» газетінің оқырмандары!
Ахаңның баспасөзге «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп берген бағасы қай кезде де мәнін жоғалтпақ емес. Қайбір газет те осы үдеден шығуды  көздейді. Айтпағымыз, облыстық газет болғанымен, көзімізден тасалау қалып, құлағымыз шалмай, тілімізге ілікпей қалып жататын күнделікті оқиғалар әсте болуы мүмкін. 

кт

Алыс-жақын аудандардағы ресми емес жаңалықтарға көп жағдайда құрығымыз жетпей қалып жататыны даусыз. Сондықтан, редакция сайты сайыс жариялайтынын хабарлайды. Қостанайдағы мемлекеттік тілдегі бірегей облыстық газеттің сайты қазақ тілді оқырмандардың белсенділік танытуын қалайды. Сайысқа өңірімізге қарасты барлық аудан қатынаса алады. Кез келген азамат көкейде жүрген немесе күнделікті көзіне іліккен дүниені Kt-fan@mail.ru электронды мекенжайына жіберу арқылы, «Қостанай таңының» нағыз жанашыры бола алады. Белсенділік танытқан тұлғаларға «Қостанай таңының» жанашыры» деген куәлік, редакцияның атынан құнды сыйлықтар беріледі.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓