Тағы 3 адам суға тұншығып өлді

Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлімет береді.утонувшие
Қайғылы оқиға Рудный қаласында «Соколов-Сарыбай кенді-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ аймағындағы қолдан жасалған көлде 26-маусымда тіркелді. Ішімдік тұтынған 1978 жылғы жергілікті азамат шомылу барысында ажал құшты. 
27-маусым күні Сарыкөл ауданында, 3 құтқарушы мен 1 техниканың көмегімен, жасанды су тоғанына батып кеткен еркектің мәйіті судан шығарылды. 1980 жылғы Сарыкөл ауылы тұрғынының 26-маусымда кешкі сағат 22-00-де суға түсуге келген. Мас күйінде шомылмақ әрекеті өмірімен қош айтыстырды. 
Федоров ауданына қарасты Қашар ауылында да жасанды көлшік түбінде тәулік бойы жатып қалған 45 жастағы азаматтың өлі денесі маусымның 28-і күні табылды. Рудныйлық 4 құтқарушы мен 1 техниканың біраз алдануына тура келген.
 
Жандос Жүсіпбек 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓