“Қостанайға қош келдіңіз,елші мырза!”

IMG_4096Үстіміздегі жылғы 3 маусымда  облысымызға  Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етьен,  елшіліктің қорғаныс жөніндегі атташесі, полковник Кристиан Бартлен келді. Осы күні олар Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтындағы  француз орталығында, политехникалық колледжінде болды. Кездесу өткізіп,  студенттер алдында лекция оқыды.
Ал, облыс әкімдігінде  өткен кездесу ая-сында Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі  Франсис Етьен,  елшіліктің қорғаныс жөнін-дегі атташесі, полковник Кристиан Бартлен  аймақ басшысының орынбасары М.Дә-рібаев  мемлекеттер арасындағы өзара достық пен екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелеріне тоқталып өтті.
 Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары М.Дәрібаев екі ел арасындағы ынтымақтастық сонау 1992 жылдардан басталатындығын, сондықтан да өткен жылы осы мемлекетпен өңірдің сауда айналымы  22 млн. АҚШ долларын құрағандығын айта келіп, облысымыздың экономикалық-саяси, әлеуметтік дамуы туралы  қыс-қаша мәлімет беріп кетті.
Қостанай облысында кен өндіру өнеркәсібіне, ауыл шаруашылығы, соның ішінде  астық, соңғы кезде машина жасау өндірісіне ден қойылып келе жатқандығын айтты.   Францияға облысымыздан  әлемдік стандартқа сай  макарон, кондитер өнімдерін экспорттауға мүмкіндік бар екенін, келешекте екі  мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың нәтижесінде  екі инвестжобаны жүзеге асырсақ деген жоба-жоспар бар екенін жеткізді.
Содан кейін сөз алған  француз елшісі өткен жылдың  қыр-күйегінде Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалғанын, тек қана Астана мен Алматы қалаларында болмай, Қостанай өңірінен кейін Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында болатындығын айтты. Екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде білім, мәдениет салаларында  көптеген игі істерді атқаруға болатындығын, Қостанай облысының өзіндік экономикалық әлеуеті бар екенін, сондықтан да  өзара  ынтымақтастықты одан әрі жалғастыра  отырып, нығайтып, дамыту қажеттігіне тоқталды.
 Екі жақты ынтымақтастық аясында өткен кездесу барысында  облыс әкімінің орынбасары М. Дәрібаев  пен  француз елшісі Франсис Етьен бір-біріне шағын сый-сияпаттарын жасады. Осы кездесуден соң Франция Республикасының  Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі  Франсис Етьен  облыстық мәслихаттың депутаттарымен кездесті. Содан кейін Елші облысымыздағы «Баян сұлу» кондитер фабрикасын, «Милх» серіктестігін,  «Қостанай  диірмен комбинатын»  аралады.
Гүлназым
    САҒИТОВА
Суретте: кездесу кезінде.
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓