ЕАЭО Қазақ елі үшін аса маңызды
"Нұр Отан" партиясының облыстық филиалында Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты брифинг болып өтті. Алқалы басқосуға "ҚХКП", "Ауыл", "Бірлік" тәрізді саяси партиялармен қатар "Қостанай облыстық кәсіподақтары" ҚБ, облыстық ішкі сая-сат басқармасының басшысы Жан-ділдә Мақанов, "Жас отан" жастар қанаты, "Партияның 50 тұлғасы" жобасының мүшесі Тимур Шөкеновтер қатысты.
Баспасөз мәслихатында "Нұр Отан" партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Римма Бектұрғанова сөз алды. Ол өз сөзінде былай деді:
– Елорда төрінде Қазақстан,Беларусь және Ресей тәрізді үш мемлекет басшыларының саммиті өткені мәлім. Онда Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі келісімге қол қойылды. Бүгін Сіздер мен біздер осы тарихи мәні зор шараға қатысты өз ойларымызды бөлісуге жиналып отырмыз.
Ал, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Жанділдә Мақановтың ЕАЭО туралы ойы мынадай: Еуразиялық үштіктің экономикалық дамуы бір деңгейлес. Ендеше, отандық дайын өнімдерді экспорттауда Ресей және Беларусь ең тиімді және барынша сенімді серіктес екендігін атап өткен жөн. Бүгінде әлем елде-рінде 200-ге тарта түрлі аймақтық, соның ішінде экономикалық одақтар бар. ЕАЭО келісім-шарты біздің ел үшін өте қажетті құжат. Күні кеше ғана Армения Президенті ЕАЭО-қа мүше болуға ықылас білдірді. Енді 1 шілдеден бастап ол ЕАЭО-қа мүше болып қабылданбақ. Сондай-ақ, Қырғызстан сияқты елдер де үлкен қызығушылық білдіруде".
Кездесу барысында бірқатар демократиялық бірлестіктердің өкілдері Еуразиялық экономикалық одақ туралы өз пікірлерін айтып, оның тиімді тұстарына үңілді. Мәселен, экономикалық бәсекелестік күшейеді, бұл ауылдың дамуына үлкен серпін бермек. Сонымен қатар, үш мемлекеттің өзара қарым-қатынасы одан әрі нығая түседі.
Естеріңізге сала кетейік, Еуразиялық экономикалық интеграция туралы идеяны ең алғаш рет, 1994 жылы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев көтерген еді. Содан бергі 20 жыл ішінде Елбасының стратегиялық бас-тамасы кезең-кезеңмен жүзеге асып, 2000 жылы Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа ықпал етті. Ал 2010 жылы Кедендік одақ құрылып, 2002 жылы біртұтас экономикалық кеңістікке даңғыл жол ашылды.
Әлібек
ЫБЫРАЙ