Сібір елігін атқан

Қостанай облысының полицейлері Қарабалық ауданының Приречный ауылында сібір елігі мен жабайы қабанды заңсыз аулағандарды қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. b493ce005b434b2cc8ceec86b5c73e82_GenericПолицияның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 23 желтоқсан күні іздеуде жүрген 44 жастағы азаматты ұсталған. Тінту барысында оның үйінен 4 жабайы қабан мен 6 сібір елігі тәркіленді. Сондай-ақ, екі елік және бір жабайы қабанның еті, тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық пен 60 оқ табылды.
«Қостанай облысының табиғат қорғау полициясының бастығы полиция подполковнигі Талғат Ахметовтың айтуынша, 2019 жылдың 7 қыркүйегінен бастап 31 желтоқсанға дейін жабайы қабан мен елікті аулау маусымы ашық. Жануарларды ату үшін аң аулау лицензиясы керек. Аталған аңшының рұқсат құжаттары жоқ болып шықты. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 337-бабына сәйкес «Заңсыз аң аулау» фактісі бойынша сотқа дейінгі амалдар жүргізіліп жатыр», – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.
Жыл басынан бері Қостанай облысында 22 заңсыз аң аулау фактісі анықталған, табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін 700-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓