Жастар байқауы басталды

Қостанай облысында жыл сайынғы «Жастардың алтын кітабы-2015» байқауына құжат қабылдау басталды. Бұл туралы «Қостанай облысының жастар және балалар ұйымдарының Ассоциациясы» әлеуметтік желілерде хабарлады. Байқауға облыс аумағында тұратын 14-29 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

xiYrOQJLOw8

Ең басты талап-қатысушы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асуына үлес қосып, интеллектуалдық, шығармашылық, спорт, ғылым және өндіріс салалаларында жетістікке жетулері керек. Жеңімпаздар конкурс комиссиясының шешімі бойынша анықталады. Күні кеше, 13 тамызда комиссия отырысы өтіп, байқаудың ережелері талқыланды.
 
Қымбат ДОСЖАНОВА 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓