ЭКВАДОРЛЫҚ ӘНШІЛЕР – ҚОСТАНАЙДА
Құрлық асып, Қостанайға келген шетелдік әншілер тобы Wayra Ñan деп аталады. Қазақшаға аударғанда «Қандас бауырлар» деген мағынаны беретін ұжым ұлттық әндерді шырқайды. Бұл эквадорлық топ өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары құрылған. Ағайынды Альберто, Хайме және Рауль Лоза өз елінің «жұлдыздары».
Негізінен репертуарында этникалық бағыттағы әндер. Сол арқылы азды-көпті пайда тауып келеді. Олар ел астанасы Китодан Ресейден Ақтөбеге, одан Рудный мен Қостанайды аралап келе жатқан ағайындылар Астанаға бет алмақшы. Олар Эквадор халқының ұлттық бұйымдары мен әшекейлерін ала келіпті. Қостанай тұрғындары зергерлік бұйымдардың көбіне «құда түсті». Әсіресе, жұртшылық эквадорлық былғары әмияндарын сатып алуға асығып жатыр. Бағасы да аса қымбат емес. Мәселен, қолдан жасалған білезікті 300-400 теңгеге қолға түсіруге болады.
Қостанай облысында он шақты күн өнер көрсететін этноәншілер көшелерді аралап, ән салып жүр. Олардың өнерлеріне тәнті болған қостанайлықтар түрлі сыйлықтар беріп, естелік суреттерге түсті.
Қасқырбай Қойшыманов