«Қазақстан дауысы» жеңімпазы Аманкелдіде өнер көрсетті

"Қазақстан дауысы" тележобасының тұңғыш жеңімпазы, жерлесіміз Шаһаризат Сейдахметов жақында туған топыраққа арнайы келіп, аудан халқына арнап концерт берді.
Қ.Әбенов атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен оның концертіне халық көп жиналды. Олардың алдында Шаһаризат бірнеше әндерді нәшіне келтіре шырқады.  Ауданға онымен бірге келген әріптесі Айтуар Зейнолла да жұртшылықтың ықыласына бөленді. Концерт соңында аудан әкімі Ж.Таукенов Аманкелді халқының атынан Шаһаризатқа алғыс айтып, құттықтау хат тапсырып, ескерткіш ретінде қолына алтын жүзік тақты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓