Бірлікке үндеген жиын




«Қазіргі әлемдегі күн сайын құбылған ұстанымдар мен тұрақсыздық қазақ халқының «Күшенген жеңбейді, күші көп жеңеді» деген мақалының өміршеңдігін дәлелдеді. Расында, халқымыз айтқандай, «бірлігі бар елдің белін ешкім сындырмас». Біз үшін ең маңыздысы – әр азаматтың Тәуелсіздік игілігін сезіне алуы. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштық. Бүгінде «Бір күн ұрыс болған үйден қырық күн береке кетеді» деген мақалдың мәнін терең түсінетін кез жетті», – деді.

«Қостанай облысында 25 мешіт жұмыс істейді. Олар өңірдегі 13 мыңнан астам дінге сенушілердің рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын орын болып табылады. Жыл сайын ғибадат үйлерін жөндеу, салу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда Қостанай ауданының Заречный кенті мен Әулиекөл ауданында екі мешіттің құрылысы жүріп жатыр. Ал облыс мешіттері халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары мен мұқтаж адамдарға қайырымдылық көрсету жағынан айтарлықтай белсенді. Өткен жылы аймақ мешіттерінен 9 мыңнан астам адам 78 миллион теңгенің көмегін алды», – деді Арман Әбенов.
Конференцияда А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ғалымдары мен ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің осы осы өңірдегі мүшелері татулық жайлы тағылымды баяндамалар жасады.










Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.











