«Біз жарқын болашақ үшін»
Міне, осындай тақырыпта Қостанай облысы бойынша қаржы полициясы департаменті өзінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетімен бірлесіп флеш-моб өткізді. Іс-шара барысында университеттің жүзге таман студент жастары қатарға тұрып "20", сонан соң "жыл" сөздеріне, ал, одан кейін қаржы полициясының сегіз қырлы логотипіне көшіп, жазып шықты. Кеш соңы көк аспанға шарлар ұшырумен аяқталды.