Әлем назарына ілігуі тиіс
Қазақ халқы ХХ ғасырдың 20-50 жылдары кеңес үкіметі билігі тұсында орын сұрапыл ашаршылықтан, саяси-қуғын сүргіннен оны толмас адами шығынға, азып-тозуға, моральдық құлдырауға ұшырады. Ұлт қайраткерлерін халық жауы деп қаралау, оларды қуғындап азаптау, әкесін сатқан бала, баласының етін жеген ата-ана – мұның бәрі сол қасіретті жылдары орын алған көріністер. Бұл трагедия – адамзат тарихының қасіреті.
Кеңес үкіметі тарай бастаған жылдары мемлекет тарапынан қолға алынып, кейін тәуелсіздік жылдары қоғамдық деңгейде қызу талқыланып келе жатқан аталмыш трагедияға тәуелсіз еліміз мемлекеттік тұрғыдан мән беруді қолға алды. Президент бұл тақырыпқа арнайы Үндеу арнап, арнайы мемлекеттік комиссия құруды тапсырды. Мемлекеттік тұрғыдан сең қозғалды. Сең жүрсе, мұздан қысылған су арнасының тынысы ашылады. Сол сияқты мемлекеттік комиссияның жұмысы қазақ қоғамында "булығып тұрған" талқылаудың тынысын кеңейтіп, оған жаңа екпін береді деп ойлаймыз. Оның жұмысы аталмыш трагедияны ел ішіндегі деңгейден талқылаудан арттырып, әлемдік қауымдастықтың назарына салуға жеткізеді деп сенеміз. Бірақ бір өтініш: ол комиссия құрамына баяғы коммунистер мен комсомолдар өкілі кірмеуі керек. Олар оны тағы да екіжүзділік құбылнамасына салып, артын суыртпақтатып, құм етіп майдалап жіберуі мүмкін. Комиссия құрамына беделді ғалымдар, қоғам қайраткерлері мен белсенділері, мықты заңгерлер кіруі тиіс.

Алмасбек ӘБСАДЫҚ,
тарихшы, филология ғылымының докторы