Құтқарушылардың жаттығулары өтті
Челябі облысында Қазақстан Республикасы ТЖМ Қостанай облысының ТЖ департаменті және Челябі әрі Қорған облыстарының РФ ТЖМ Бас басқармаларының бөлімшелері арасында бірлескен өрт-тактикалық жаттығу өткізілді.
Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өрт сөндіру бөлімшелерінің құтқарушылары трансшекаралық аумақта дала орман өрттерін жою бойынша бірлескен іс-шараларды пысықтады. Жаттығу Челябі облысы Октябрь ауданының аумағында және Федоров ауданының Қосарал ауылды округінің қасында өтті.