Кешенді сынақ тапсырды
Еліміз бойынша дін қызметкерлерін аттестациялау Қостанайда өтті. Оған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, Түркістандағы кеңсе басшысы Алау Әділбаев, Дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет бастаған комиссия облыс көлеміндегі дін қызметіндегі имамдар мен молдалардан емтихан қабылдады.

– Бұл шараның мақсаты – сынақ, емтихан арқылы қызметтен босату немесе шеттету емес, қазіргі заман талабына сай білікті де білімді кадрлар санын көбейту, – дейді А.Әділбаев.


