Айқын ақпарат алаңы

Қазіргі күрделі жағдайда қауіпті індеттің алдын алудың жалғыз ұтымды жолы – халықты толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етіп отыру, азаматтардың көкейтесті сауалдарына жедел жауап қайтару, кеңес беру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Бүгінде облыста осы бағыттағы іс-шараларға баса мән беріліп отыр. Соның бір жарқын мысалы – "Телеграмм" әлеуметтік желісінде іске қосылған Қостанай облысының ақпараттық чаты.39971910_303
Ресми чат Төтенше жағдай кезіндегі ахуал туралы өңір тұрғындарына тек расталған ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында құрылған. Бұл ашық алаңда кез келген азамат толғандырған сұрақтарына жауап таба алады. Айқын, нанымды ақпаратқа жүгінушілер саны күн санап өсуде. Қазірдің өзінде бұл чатқа 2 мыңнан астам адам тіркеліп үлгерген. Желі тұтынушылары ТЖ режимі кезіндегі ереже-тәртіпке сай әрекет ету, облысішілік, қалааралық қозғалыстар, күнделікті жүріс-тұрыс, тұрмыстық, қызметтік, құқықтық қатынастар төңірегіндегі мәселелерін алға тартқан. Оған арнайы мамандар үкімет қабылдаған талапқа сай жан-жақты мәлімет беріп жатыр. Кері байланыс алаңының қызметіне разылығын білдіруші тұрғындар саны да көп. Мәселен, Юлия Гаджиева есімді желі тұтынушысы осы топтың әкімшілігіне алғысын білдірген.
"Осы топты ұйымдастырушыларға көп рахметімді айтқым келеді. Жарайсыздар! Біріншіден, мұндай топ қазіргі қиын кезеңде аса қажет. Екіншіден, сіздердің сабырлылықтарыңызға жеке алғыс білдіруге болады, өйткені жан-жақтан жауған сауалдарға ұқыппен жауап бересіздер. Кейде бір мәселені бірнеше адамға жекелей түсіндірулеріңізге тура келіп жатады. Үшіншіден, мен өз басым осы алаңнан қыруар ақпарат біліп алдым, енді бас қатырып басқа жерден іздеп-қарамауыма болады. Барлығы үшін сіздерге рахмет", – деп жазба қалдырады ол.WhatsApp Image 2020-03-31 at 09.27.36
Мұндай мысалдарды бірінен соң бірін келтіре беруге болады. Шынымен де, чатты ақтарып отырып, әр тұрғынның өзі үшін маңызды мәселесіне жауап тауып жатқанына куә болу қиын емес. Ендеше, "Ватсап" желісін кезіп жүрген, елді дүрбелеңге салуды көздейтін қысыр қауесеттер мен бұрмаланған мәліметтерге сүйеніп, опық жегеннен гөрі, тек ресми мағлұмат беретін осы топқа жүгінуге кеңес береміз!
Айта кетейік, "Телеграмм" желісі арқылы Қазақстандағы коронавирус жағдайы туралы ресми ақпаратты Coronavirus2020.kz сайтынан оқып отыруға да болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓