Үшінші қабаттан құлап кетті
Қостанай қаласының Чкалов көшесіндегі бес қабатты 113-үйде төтенше жағдай болды. Үйде қараусыз қалған 8 жасар қыз бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Абырой болғанда, ғажайыппен аман қалды. жақсүйегі сынып,төбе сүйегі жарылып, бас миы зақымданып, сол жақ бұғанасы майып болып, көк бауыры жыртылған. Қазір облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөлімінде жатыр.
Кенже Қонысбай