Көліктен құлап қаза болды

Қостанай облысында 7 жасар қыз көліктен түсіп қалып, мерт болды. Бұл туралы облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
Төтенше жағдай 10 қарашада Фёдоров ауданында болған. "ЗиЛ" маркалы көлік Придорожный-Лысанов ауылдары арасындағы тасжолда келе жатқан. Сол сәтте көліктің есігі ашылып кетіп, жеткіншек тысқа құлап түскен.
"7 жасар қыз көліктен құлап кетіп, жүк көлігінің астына түсіп қалды. Ол оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады ведомстводағылар.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓