Дін тақырыбында дәріс оқыды
Қостанай қ. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс оқылды. Оған барлық күш құрылымдарының психологтары қатысты. Шараға арнайы ҚР психологтар қауымдастығының мүшесі Лола Шакимова шақыртылды. Ол түрлі діни ағымдар жайлы және олардың мемлекетке, халыққа тигізер зияндылығы хақында дайындалған арнайы бейне роликтерді қызметкерлер назарларына ұсынды.