Конституция күніне орай қатарынан үш күн демалады

Қазақстандықтар Конституция күніне орай қатарынан үш күн демалады. Мемлекеттік мереке биыл демалыс күніне сәйкес келгендіктен, дүйсенбі демалыс күні болмақ. Бұл туралы egov.kz сайты хабарлайды.Ата зан
Тамызда тұрғындар қатарынан үш күн – тамыздың 29, 30 және 31-і демалады. Демалыс күндерін есептегенде тамыз айында қазақстандықтарды барлығы 13 күн демалыс күтіп тұр. Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда бүкiл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды. Заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке деп жарияланды.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓