Қостанай полицейлері көлік ұрлаушыны жедел түрде ұстады
Меңдіқара ауданының Татьянов ауылында жергілікті серіктестіктердің бірінің аумағынан "JAC T6" маркалы автокөлік ұрланған. Полицейлер бірден бекеттер қойып, "Автоураган" жүйесі арқылы іздеуді бастаған. Меңдіқара және Қостанай аудандарының полицейлері бірлесіп, өтініш келіп түскеннен кейін бір сағаттың ішінде автокөліктің орналасқан жерін анықтады.

Қазіргі уақытта "Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын ұрлау" 200-бабы 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.