Батылдығы батпаққа отырғызды

Рудный қаласының 29 жастағы тұрғынын тексеру барысында, оның қалтасынан 5 грамм героин заты табылды. Тәртіп сақшылары күдік туғызған азаматты Сандригайло көшесіндегі үйінің алдынан құрықтаған. Күдікті ірі көлемдегі тиым салынған затты белгісіз біреулерден өз мұқтаждығы үшін сатып алғанын айтып, ақталмақ болыпты. Темір торға тоғытылған рудныйлықтың үстінен «Есірткі затын заңсыз сақтау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.  
Есірткіге қатысты қылмыс Меңдіқара ауданында да тіркелді. Қостанай-Мамлютка бағытындағы жолмен келе жатқан «Сиат» көлігін тексеру барысында, артқы орындықта орамаға түйілген есірткі затының жатқаны белгілі болған. Көлік иесі тиым салынған затты жасыруға да әрекеттенбепті. Есірткі сараптамаға жіберілді. Енді, оның салмағы мен құрамына сай, көлік иесіне шара қолданылатын болады. 
есірткі
 
Ж.Кәкімжанов

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓