Көп салада ілгерілеу бар

Денисов ауданы жылдың алғашқы жартыжылдығында бірқатар жетістктерге қол жеткізген. Тек мал шаруашылығынан 2,5 миллиард теңгенің өнімдері шығарылған. Соның ішінде ет 3,6 мың тонна, немесе 89,0%, сүт 12,9 мың тонна немесе 101,7%, жұмыртқа 8 миллионға жуық  немесе 100,2%.DSCN1888
Қазіргі уақытта ауылшаруашылық тауар өндірішілері мал санын қалпына келтіру мақсатында жұмыстар жүргізуде. Қазір аудандағы жылқы саны – 3480 бас немесе -109,1 %, қой және ешкі саны  – 21236 бас немесе -131,5 %, құс саны – 133006 немесе  96,7%.
«Сыбаға» бағдарламасын іске асқан 2011 жылдан бері 1045 бас ірі қара сатып алынды, оның ішінде ағымдағы жылы ір қара малдың 60  бас, немесе 20,8%,   2015 жылғы жоспарға қарағанда. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2014 жылы қойдың 521 бас сатып алынды, үстііздегі жылы жоспарға 400 бас енгізгенбіз, ал сатып алынғаны – 460 немесе 115%. Аграрлық несие  корпорациясына Зеңгі бабаның 40 төлін сатып алуға өтінім жасалды. «Құлан» бағдарламасы шеңберінде 100 жылқы сатып алынды (тапсырма 70 бас), – деді облыстық баспасөз орталығында Денисов ауданының әлеуметтік-экономикалық  дамуы жайында баяндаған осы өңірдің әкімі Ерлан Жаманов.
 
Қыдырбек Қиысхан

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓